TOYOTA АЛМАТЫДА ЖОЛ ТАЛҒАМАЙТЫН КӨЛІКТЕРДІҢ АУҚЫМДЫ ТЕСТ-ДРАЙВЫН ӨТКІЗДІ

Непревзойденные возможности с новой силой:

17 қыркүйекте Алматыда Toyota SUV Challenge атты оффроуд-ивент өтті. Осымен үшінші жыл қатарынан «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС компанияның клиенттері мен серіктестері үшін Toyota Hilux, Land Cruiser Prado және Land Cruiser 300 көліктерінің жоғары деңгейлі жол талғамайтын қабілетін, тәсілқойлығын және төзімділігін көрсету үшін теңдесі жоқ іс-шара өткізіп жатыр.
Осы іс-шара арқылы Toyota брендтің адал клиенттеріне адалдығы мен таңдауы үшін алғысын білдіріп, көліктердің бірегей мүмкіндіктерін көзбе-көз көрсетуді қалайды.

Осы іс-шараны өткізу үшін тәжірибелі пилоттар командасы жолсыз аймақтарды қамтитын арнайы трасса жобалап, оны шындыққа айналдырды, соның арқасында әрбір қонақ көліктердің мүмкіндіктерін сынап, әрбір Toyota жүргізушісі мақтан тұтатын брендке тән рух пен ДНҚ сезіне алды. Өйткені, ең сұрапыл оффроуд-жағдайларда да сапаға, қауіпсіздікке және сенімділікке сенімді болу үшін тізгінге отыру жеткілікті.

«Айтарға сөзім жоқ. Осының бәрі арнайы біз үшін салынды ма? Көлікті сынау үшін бе? Шынымды айтсам, айтып жеткізу мүмкін емес деңгей. Мен алдыңғы тест-драйвқа қатыса алмадым, ал қазір осында болғаныма қатты қуаныштымын», — деп қонақтардың бірі алған әсерімен бөлісті. 

Toyota Land Cruiser Prado
Ұйымдастырушылардың міндеті көліктердің тек жол талғамайтын қасиеттерін көрсету ғана емес, оларды оффроуд-симуляторларының мүмкіндіктерінен асып түсетін мүлдем аяусыз жағдайларда қалдыру болды. Тест-драйв қатысушылары озық жол талғамайтын технологиялардың мүмкіндіктерін, соның ішінде Multi-terrain Select мүмкіндіктерін сынап көрді, соның арқасында жүріс режимін таңдауға болады – жабысқақ балшық, ірі тас немесе қиыршық тас. Бұл функция раманың, шиналардың жол бетіне қарай бейімделуін реттейді, оған қоса Crawl Control функциясы қиын жер бедерлерінде көлік аспасын және жүрісін басқаруға мүмкіндік береді. «Мөлдір капот» щолу функциясы көлік астындағы жолды көріп отыруға көмектеседі. Қонақтар іс-шара барысында осы және басқа да көптеген функцияларға баға беріп, көліктердің теңдессіз қуатына, сондай-ақ жүргізушінің көлік жүргізу кезінде сезінетін жайлылығына көз жеткізе алды.
Toyota Land Cruiser Prado

Тест-драйвқа 14 жол талғамайтын көлік қатыстырылып, оларды 700-ден астам қонақ сынап көрді.

«Toyota көлігінің тізгінін ұстағаныма көп уақыт болды, бұл брендке ешқашан күмәнданған емеспін. Бірақ бүгін достарыммен бірге бастан өткергеніміз... Шынымды айтайын ба? Қазақстанды аралау үшін ұзақ сапарға шығып, трассалардан, жақсы жолдардан аулақ жүргім келіп кетті. Мұндай көлікпен жылдың кез келген мезгілінде осылай жолға шығып кетуге болады», - деді тест-драйв қатысушысы. 

Toyota Gazoo Racing

Іс-шара барысында қонақтар «Тойота Файнаншел Сервисез» тарапынан арнайы несиелік ұсыныстар, KINTO One көліктердің операциялық лизингі, Қазақстан мен Қырғызстандағы барлық Toyota көліктеріне 10 жылға дейінгі Toyota Relax кепілдігі сияқты тиімді өнімдер бойынша кеңестер алды.

Жан-жағын көркем орман қоршаған ашық алаңда Toyota SUV Challenge қонақтары отбасыларының және достарының арасында арқасын кеңге салып, саф таза ауамен тойғанша тыныстап, күздің жайма-шуақ күнін керемет өткізді. Тест-драйвтан басқа қонақтар түрлі демалыс аймақтарында уақыт өткізді, мини-гольф ойнады, барабанда ойнау, эко-сөмкеге сурет салу бойынша шеберлік сабақтарына қатысты, мехенди нақышында уақытша татуировка да жасатты. Сондай-ақ алаңда арнайы дайындалған хаскилер барлық ниет білдіргендермен суретке түсті.

Іс-шараның ең кішкентай қатысушылары үшін балаларға арналған әртүрлі шеберлік дәрістері, сайыстар, аниматорлардың қойылымдары бар аймақ – Toyota Kids' Club жұмыс жасады. Балалар естелік қабырғаны бояуға қатысты, Lego-дан бірегей бұйымдар құрастырды, Marvel фильмдерінің және танымал мультфильмдердің кейіпкерлерімен жаңа билер үйренді.

Биылғы жылы «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС «Шымкент Тойота Орталығы» дилерлік орталығымен бірлесіп, 8 қазан күні Шымкентте дәл осындай оффроуд-ивент өткізеді.