Ұлғая түскен теңдесі жоқ мүмкіндіктер: Camry 75 жаңа қуатты әрі үнемді қозғалтқыштарға, заманға сай жабдықтау мен GR Sport арнайы сериясына ие болды ● Жайлылық пен басқарушылықтың тамаша теңгерімімен ерекшеленетін көпшілік мақұлдаған бизнес-класс көшбасшысының сегізінші буыны клиенттердің қалағандарына жауап ретінде көптен күткен техникалық өзгерістер мен жаңа жабдықтауға қол жеткізді. ● Автокөлік көлемі 2,0 және 2,5 литр болатын Dynamic Force сериялы екі жаңа атмосфералық бензин қозғалтқышына ие болды, біріншісі — Direct Shift CVT жоғары технологиялық вариаторымен, екіншісі 8-сатылы АБҚ-мен үйлесіп жұмыс істейді. ● Қозғалтқыштар мен трансмиссиялардың жаңартылуы седанға айналу сәті мен қуаттың артуын қамтамасыз етті, динамикасы жақсарды, отын үнемділігі өсті. ● Автокөліктің сәнді сыртқы пішіні алдыңғы бампердің, радиатордың төменгі торшасының және дөңгелек дискілерінің жаңартылған дизайнымен толықтырылды, шанақтың көк және қызыл «металлик» сияқты жаңа жарқын түстері қосылды. ● Седанның интерьері Apple CarPlay® және Android Auto® қолдауымен мультимедиалық жүйенің жаңа дисплейінің және орталық ауа арналарының орналасуымен ерекшеленеді, стильді сәндік үстемелер пайда болды. ● Жаңартылған бизнес-седан Toyota Safety Sense — қақтығысуды болдырмау жүйесінің (PCS) және динамикалық радарлық круиз-бақылаудың (iDRCC) кеңейтілген функционалы бар сегменттегі белсенді қауіпсіздік жүйелерінің заманға сай пакетімен, сондай-ақ автокөлікті жолақтың ортасында ұстау функциясымен (LTA) жабдықталған. ● Camry 75 енді мүлдем жаңа арнайы GR Sport сериясында эксклюзивті сыртқы пішіні, екі түске боялған шанағы мен бірегей элементтері, сондай-ақ әрлеу бөлшектері мен орындықтары қызыл тігіспен өңделген үлгіде қолжетімді. ● Жаңартылған модельдің бағасы 11 790 000 теңгеден басталады. 2021 жылғы 15 сәуірде жаңартылған бестселлер — Camry 75 ресми түрде сатыла бастайды. Қазақстанда пайда болған сәттен бастап бизнес-седан нарық үлесінің 70 %-ын құрайтын өз сегментінің сөзсіз көшбасшысы болып табылады — ол клиенттердің барлық қалаулары мен қажеттіліктеріне барынша жауап береді және жоғары қалдық құнын сақтайды. Сату нәтижелері 2018 жылдан бастап Қазақстан мен Қырғызстанда сегізінші буындағы 16 211 Toyota Camry жаңа автокөлігінің (Camry 70) сатылғанын хабарлады. Бизнес-седанның миллиондаған әуесқойлары Toyota Camry-ді таңдайды — олар осы модельдің жайлылығы мен басқарушылығының, технологиялылығы мен қауіпсіздігінің үздік теңгерімін бағалайды. Автокөлік иелері Toyota автокөліктерінің сапасын, сенімділігі мен ұзақ мерзімділігін әрдайым атап өтеді — марканың бұл дәстүрлі артықшылықтары қалдық құнының жоғары болуына кепілдік береді. 2018 жылғы деректер бойынша қайталама нарықта сатылған кезде Toyota Camry-дің бағасы тек арта түсті . Ал 2021 жылы жаңарып, тұрақты көшбасшы өз сегментінде стандарттарды орнатуды жалғастыруда. Енді беделді бизнес-седан бұрынғыдан күштірек әрі қарқынды болды. Camry 75 жаңа қозғалтқыштары мен трансмиссиялары, сәнді көрінісі мен интерьер бөлшектері бар жақсартылған қарқындылығымен ерекшеленеді, ол Toyota Safety Sense жаңа буындағы жоғары технологиялық қауіпсіздік жүйелерінің жаңартылған пакетін алды. Модель тарихында алғаш рет автокөлік эксклюзивті сыртқы және интерьер дизайнымен арнайы GR Sport сериясында қолжетімді болады. Қуат пен динамикасының жаңа деңгейі Camry 75 қысылу деңгейі ұлғайтылған Dynamic Force сериялы бензинді атмосфералық қозғалтқыштармен, VVT-iE газ тарату фазаларын өзгерту жүйесімен және D-4S отынды аралас бүрку жүйесімен жабдықталады. Цилиндрлердің жаңа дизайны арқасында ІЖҚ жұмыс температурасына тез жетеді, бұл отын тиімділігіне ықпал етеді. Осыдан бұрын сегізінші буындағы Camry көліктерінің құрылымында қолданылған қозғалтқыштың алдыңғы гидротіреуі бос айналымдағы дірілді азайтады және маневр жасаған кезде автокөліктің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Жаңа екі литрлік қозғалтқыш 14 Нм шамасына ұлғайтылған айналу сәтімен (ол 206 Нм шамасына жетті), 1,5 секундқа жақсартылған үдету қарқындылығымен және аралас циклде 1,1 литрге азайтылған отын шығысымен ерекшеленеді. Ол айнымалы және механикалық берілістің артықшылықтарын біріктіретін Direct Shift CVT баяу автоматты берілісімен үйлесіп жұмыс істейді. Беріліс қорабы механикалық бірінші және артқы берілістермен жабдықталған, бұл айналу сәтін жоғалтпай-ақ, қарқынды бастауды қамтамасыз етіп, агрегаттың ресурсына кепілдік береді. Көлемі 2,5 литр болатын жаңа қозғалтқыштың қуаты — 199 ат күшіне дейін, ал айналу сәті 12 Нм шамасынан 243 Нм шамасына дейін ұлғайды. 100 км/сағ дейін үдету уақыты 1,2 секундқа қысқарды және қазір 8,7 секундты құрайды, ал отын шығысы — 1,2 литрді және аралас циклде тек 6,8 литрді ғана құрайды. Қозғалтқыш гидротрансформатордың бұғаттау ауқымы кеңейтілген сегіз сатылы автоматты трансмиссиямен үйлеседі, осының арқасында жылдамдық жиынтығының қарқындылығы артып, берілісті ауыстырып қосу икемдірек болады. Camry 75-тің топ нұсқалары бұрынғыдай көлемі 3,5 литрлік V6 мәртебелік қозғалтқышымен қолжетімді, сегментте баламасы жоқ — әсерлі жұмыс көлемі мен қуаты 249 а. к. Бизнес-класқа арналған эталондық сыртқы көрініс Toyota Camry-дің қарқынды, серпінді келбеті эталондық заманауи бизнес-седанға айналды — бұл модель дизайнына алдағы жылдарға өзекті болып қалуды қамтамасыз етті. Сондықтан Camry 75-тің сыртқы пішіні нүктелі өзгерістерге ұшырады, олар алдыңғы бамперге және радиатордың үлкен трапеция тәрізді торшасына қатысты болды — жаңа сәндік төсемдер пайда болды. Көрнекі өзгерістер автокөліктің күйін және оның керемет мүмкіндіктерін көрсетеді. Camry 75 мәнерлілігіне шанақтың көк және қызыл «металлик» жаңа түстері де қосылады. Озық технологиялар және дәстүрлі жайлылық Талғампаз дизайн және ойластырылған эргономика — Camry 75 интерьері орталық дисплей мен ауа арналарының өзгеше орналасуымен ерекшеленеді. Жаңа түрлі түсті экран (жинақтамаға байланысты) 7 немесе 9 дюймді құрайды, ол Apple CarPlay® және Android Auto® интерфейсін қолдайтын автокөлік параметрлері мен мультимедиалық жүйені тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Ауа арналарының астындағы орынды климатты басқарудың интуитивті түсінікті блогы алды. Салонның екі түсі бар: қара және ақшыл сары, орындықтар үш нұсқада өңделген — Стандарт, Классик және Комфорт нұсқаларына арналған қара мата, қалған жинақтамаларға арналған қара немесе ақшыл сары былғары. Барынша бейімделген қауіпсіздік Camry 75 өз класындағы Toyota Safety Sense атты белсенді қауіпсіздік жүйелерінің ең функционалды пакетіне ие болды. Оған жүргізушіге қауіп туралы ескертетін және шұғыл тежеуге қабілетті соқтығысуды болдырмау жүйесі (PCS) кіреді. Ол күндізгі уақытта автокөліктер мен велосипедшілерді, сондай-ақ түнгі уақытта жаяу жүргіншілерді ажырата алады. 2021 жылдан бастап PCS жол қиылысында оңға не солға қарай бұрылған кезде көмек жүйесімен және бағамдық тұрақтылықты сақтай отырып, айналып өту маневрінің орындалуын қамтамасыз ететін апаттық рульдік басқару жүйесімен (ESA) толықтырылды. Сонымен бірге пакетке динамикалық радарлық круиз-бақылау (DRCC), визуалды және дыбыстық ескерту функциясы (RCTA) бар тұрақтан артқы жүріспен шығуға арналған көмек жүйесі кіреді. Қозғалыс барысында визуалды ескерту функциясы бар соқыр аймақтарды бақылау жүйесі (BSM) бүйірлік айналардың көріну аймағынан тыс жерде бағыттас келе жатқан автокөліктердің болуын бақылайды. Жол белгілерінің болжанбаған қиылысуы туралы ескерту жүйесі (LDA) қозғалыс жолағының ортасында ұстап тұру жүйесімен (LTA) бірге жұмыс істейді. Белсенді қауіпсіздік пакетін жүргізушінің шаршауын бақылау және ақпараттандыру жүйесі (SWS) және алыс жарықты жақынға ауыстыру жүйесі (AHB) толықтырады. Арнайы GR Sport сериясы — эксклюзивтілік пен шаттық береді Ерекше дизайнымен және екі түсті өңдеудің — қара түсті төбесі мен басымдық бөлшектері бар ақ немесе қызыл түсті шанақтың екі нұсқасымен ерекшеленетін арнайы GR Sport сериясы әрқашан елдің назарында болғысы келетіндерге арналған. Автокөліктің тартымды көрінісі көптеген қара бөлшектердің көмегімен ерекшеленеді: бүйірлік айналары, планкалары және радиатор торшасының бүйірлік жиектері, артқы спойлері, айна корпустары, қара аядағы артқы эмблемасы, артқы шамдарының мөлдір корпустары. Жүксалғыш есігіндегі серияның эмблемасы және шанақ түсіне боялған есік тұтқалары бейнені толықтырады. GR Sport 2,5 немесе 3,5 литрлік қозғалтқыштармен жабдықталуы мүмкін — бұл автокөліктің сыртқы түріне де әсер етеді. Көлемі кішірек болатын IЖҚ нұсқасында 18 дюймдік дөңгелек дискілері екі реңкті болады, ал бүйірлік әйнектердің жиектері — хромдалған, 3,5 л нұсқасы толығымен қара түсті дөңгелек дискілерімен, бүйірлік есіктердің қалыптарымен және қара түсті әйнек жиектерімен, сондай-ақ артқы шамдардың қара бүйірлік элементтерімен ерекшеленеді. Трансмиссия тұтқасының жанында интерьерде ECO / NORMAL / SPORT қозғалыс режимдерін таңдау батырмалары қосылады. Camry 75 GR Sport интерьерінде рульде, беріліс қорабының селекторында және орталық шынтақшада, алдыңғы панельде, есік карталарында, сондай-ақ алдыңғы және артқы орындықтарда қызыл түсті ендірмесі бар қара түсті былғарымен өңделген қызыл тігіс бар. Нұсқа сәнділігі қозғалтқышты іске қосу батырмасы мен оталдыру жүйесі кілтінің артқы жағындағы сәндік ендірмелер мен GR логотипінің ерекше дизайнын көрсетеді. Жаңа Toyota Camry 75 көлігінің бағасы 11 790 000 теңгеден басталады. Автокөлікті Toyota Kazakhstan ресми дилерлік желісінде Trade-in бағдарламасы бойынша сатып алуға асығыңыз, сонымен қатар сіз Toyota Finance ұсынған тиімді шарттарда ұсынылатын несиені пайдалана аласыз. Эмоциялық көлік жүргізу туралы көбірек біліңіз — Toyota ресми дилерлік орталықтарының бірінде тест-драйв жасап, жаңа Camry 75 бизнес-седанының мүмкіндіктерін бағалаңыз.